Сарсенбаева Қаламқас Қойшыбаевна 1981 жылдың 18 мамырында Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Қордай ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2004 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2006 жылғы мамыр айында бастаған. Алғашқы еңбек қызметін Алматы облысы Іле ауданы Энергетик кенттік округі әкімі аппаратының бас маманы ретінде атқарып, осы кезеңде мемлекеттік басқару саласындағы кәсіби дағдыларын қалыптастырды.
2009 жылғы қазаннан 2018 жылғы ақпанға дейін Іле ауданы Энергетикалық ауылдық округі әкімінің орынбасары болып қызмет етті. Аталған кезеңде жергілікті өзін-өзі басқару, әлеуметтік саясат, абаттандыру және тұрғындармен жұмыс бағыттарында елеулі тәжірибе жинақтады.
2018–2024 жылдар аралығында Алматы облысының білім беру жүйесінде түрлі басшылық және жауапты лауазымдарды атқарды. Атап айтқанда, Іле ауданының білім бөлімінде және Алматы облысының Білім басқармасы құрылымдарында бас маман, Іле ауданы білім бөлімінің сектор меңгерушісі қызметтерін атқарды. Білім саласындағы стратегиялық жоспарлау, кадрлық саясат және әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру бойынша жүйелі тәжірибе қалыптастырды.
2024 жылғы 19 қаңтардан бастап 2025 13 қарашаға дейін Алматы облысы Білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы лауазымын атқарады.
2025 жылғы 13 қарашадан бастап дейін Алматы облысы Білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы лауазымын атқарады.
Мемлекеттік қызметші антын 2006 жылғы 17 қазанда қабылдаған. Орыс тілін еркін меңгерген, ағылшын тілін сөздікпен оқып-түсінеді. Мемлекеттік наградалары, ғылыми дәрежесі және тәртіптік жазалары жоқ.
Отбасылық жағдайы: тұрмыс құрмаған, бір баласы бар (2015 ж. т.).
Өзінің еңбек жолында жауапкершілік, кәсібилік және бастамашылдық танытып, саланың дамуына үлес қосып келеді. Қызмет барысында қоғаммен байланыс, білім сапасын бақылау және ұйымдық басқару бағыттарында жоғары нәтижелер көрсетуде.
Пікірлер қосу