Байсерке ауылы, N9 орта мектебінде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өтті. Кездесуге білім бөлімінің басшысы К.Қ.Сарсенбаева, білім бөлімінің әдіскері З.Б.Бақытжанқызы, аудандық прокуратураның аға прокуроры Д.А.Шукеева, аудандық прокуратураның прокуроры Р.Ержанұлы және АПБ ЖПҚ ЮП-ң аға инспектор полиция майоры М.Ахметов қатысты.
Жиын барысында жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, заң алдындағы жауапкершілігі, тәртіп бұзудың салдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар зиянды әдеттердің алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелері талқыланды.
Кездесу жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға және олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.